ПАВЛОДАР. Bairaq.kz - Ертіс өңірінде жыл басынан бері тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық статистика департаментінің мәлімдеуінше, 2019 жылғы қаңтар-шілдедегі тас көмір және лигнит 73,4 млрд теңге сомасында өндірілді. Ол жалпы облыс өнеркәсібі көлемінде 6,5 пайызды құрайды. - Көмір өндіру бойынша Павлодар облысы республикада бірінші орында (38 млн тонна). – деді департаментте. – Мемлекетіміздің жалпы көмір өндірісіндегі (62,4 млн. тонна) Павлодар облысының үлес салмағы 60,8 пайыз. Келесі кезекте Қарағанды облысы – 32,9 пайыз және Шығыс Қазақстан облысы – 6,1 пайыз. Биылғы қаңтар-шілдеде көмір және лигнит өндірісіне салынған инвестиция 12,9 млрд теңгені құрады. Бұл - былтырғы сәйкес кезең деңгейінен 2,1 есе төмен көрсеткіш. Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-маусымда көмір өнеркәсібі жұмысшыларының облыстық орташа айлық еңбекақысы 216005 теңгені құрады, бұл - республикалық көрсеткіштен 19,9 пайызға (269604 теңге) төмен және облыстың өнеркәсібі еңбекақысынан 10,6 пайыз жоғары.