Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерінің айтуынша, пара алу үстінде ұсталған мемлекеттік санитарлық инспектор 6 жылға бас бостандығынан айырылыпты.
Елде Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде ол кәсіпкерлерден нарыққа жол ашып беру үшін жүйелі түрде пара алып отырған.
Сонымен қатар пара алғаны үшін Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлік бөлімінің бастығы мен Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары да айыпты деп танылған.
Биыл аймақта 20 бизнес нысанының құқығы қалпына келтіріліпті.
«Біз шенеуніктердің кәсіпкерлерге кедергі келтіретінін көріп отырмыз. Шара қолданбау үшін және кейбір заңсыз әрекеттерге көз жұма қарау үшін олар кәсіпкерлерден ақша талап етеді. Біз кәсіпкерлер ісіне заңсыз араласқан 8 лауазымды қызметкердің жолын кестік», - деді Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Асхат Жұмағали.