ОРАЛ. Батыс Қазақстан облысында 100 бастан астам мал өртте жанып кетті, деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 тамыз күні сағат 03.12-де Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округі Құспан қыстағында орын алды. Шаруашылық құрылысы (210 шаршы метр) мен пішен қорасы (2450 шаршы метр) өртеніп, 162 тонна шөп (650 орама), сондай-ақ 100 бас уақ мал және 8 бас ірі қара жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, қасақана от қойылған. Өрт екі қызметкер, 1 техниканың күшімен сағат 09.00-де сөндірілген.