Алматы қаласындағы «Қазақфильм» кинстудиясының аумағында өрт шықты. Төтенше жағдай туралы ақпаратты өрт сөндіру қызметіне күзетші хабарлаған.
«14-тамыз күні сағат 21:33 шамасында күзетшіден Әл-Фараби даңғылы, 176-үй мекен-жайы бойынша төтенше жағдай орын алған туралы шұғыл хабар түсті. Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері мен техникалары оқиға орынына жедел жетті. Қазір өртті ауыздықтау үшін жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.
«Қазақфильм» киностудиясының аумағында өрт екі жерден шыққан. Біріншісі – ағаштар жиналған қойма, екіншісі – екі қабатты ағаштан салынған үй. Өрттің таралу қаупі жоқ.
Айта кету керек, қазір өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Төтенше жағдайды тоқтату үшін 53 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылған