4-тамыз қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған 1 799 науқас тіркеліп, 17 адам қаза тапты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1-тамыздан бастап пневмония статистикасын жүргізе бастағанынан хабардармыз. Осы аралықта елімізде пневмониямен ауырған 8 054 адам тіркеліп, 86 адамның бақилық болғаны анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі тәулік сайын ПТР-тесті оң және теріс нәтиже көрсеткен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар туралы қорытынды статистика мен жалпы статистиканы әлеуметтік желілерде жариялап отыратынын тағы бір мәрте еске салды.