Кеше ҚР Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы, «Барыс», «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Үшкемпіров 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Ардақты азаматты жерлеу рәсіміне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында тек отбасы мүшелері ғана қатысады.
Жақсылық Үшкемпіровтың отбасы көңіл айтқан барша қазақстандықтарға, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
Адамдардың жиналуымен өтетін барлық шараларға шектеу қойылғандықтан, чемпионмен қоштасу рәсімі салтанатты түрде бір жылдан соң өтпек.