Алматы қаласындағы қоғамдық көліктер (автобус, троллейбус, метро) үш күнге жұмысын тоқтатады. Қасиетті Құрбан Айт мерекесі қарсаңындағы демалысқа байланысты бас санитар дәрігердің қаулысымен осындай шешім қабылданған.
«Бас санитар дәрігердің қаулысымен мерекелік демалыс күндері (31 шілде және 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамық көліктер, оның ішінде метро жұмысы тоқтайды», - деп хабарлады Көлік холдингі.