ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елдегі дәрі-дәрмекті заңсыз саудалау және карантин талаптарын бұзу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша өткен селекторлық жиналыста Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоаралық, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау және жергілікті басқару органдарының әрдайым бірге жұмыс істеуі қажет екенін айтты.
ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев ІІМ мен жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау мекемелері 18 мыңнан астам рейд жүргізгенін мәлімдеді.
Карантин кезінде 4 000 құқық бұзушылық тіркелген. Тәртіп бұзғандардың басым көршілігі Алматы қаласынан, Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарынан.
Дәрі-дәрмектерді заңсыз және қымбат бағада сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қарағанды және Шымкент қалаларында тіркелген.