BAIRAQ.KZ - Кәсіпкерлердің табысы күмән тудыруына байланысты Ақмола облысының курорттық аймағының бірқатар объектілеріне хронометраждық зерттеу жүргізу шешілді деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап . Тек 4 күн ішінде курорттық аймақтың 30 объектісінің 20-сынан табыстарын төмендету анықталды, табыстарды нақты төмендету бірнеше есе өлшенеді, мысалы:
- "А" объектісі 2019 жылдың маусым айында (30 күн) 582,5 мың теңге сомаға бақылау-касса машинасының чегін қағу арқылы кіріс көрсетті, ал хронометраждық бақылаудың 4 күні ішінде түсім 2 817 мың теңгені құрады.
- "Б" объектісі 2019 жылдың маусым айында (30 күн) 3 320 мың теңге сомаға бақылау-касса машинасының чегін қағу арқылы кіріс көрсетті, ал хронометраждық бақылаудың 4 күні ішінде түсім 6 637 мың теңгені құрады.
Хронометраждық бақылау жүргізу барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз "А" азаматының Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру фактісі анықталды, ол ЖК ретінде есепке алынды.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша МКД қызметкерлері хронометраждық бақылаудың 2 күні ішінде лицензиясыз алкоголь өнімін сатудың 7 фактісін анықтады, 177 бөтелке алкоголь өнімін тәркіледі. Нәтижесінде әкімшілік материал жасалып, одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Курорттық аймақта жүргізілген хронометраждық зерттеулер бірқатар салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтады, бұл кейбір салық төлеушілердің жосықсыз екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың өткен кезеңіне талдау жасай отырып, Көкшетау және Степногорск қалаларының, Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандарының 2144 салық төлеушісі нөлдік көрсеткіштермен чектерді өткізгені анықталды. Бұл ретте ең үлкен үлес салмағы сауда саласындағы қызметке - 45,8% және өзге де қызметтер көрсетуге-54,2% келеді.
Бүгінгі күні өз табысын төмендететін тұлғаларға қатысты нұсқамалар негізінде олардың нақты табысын анықтау мақсатында хронометраждық зерттеулер жалғасуда.