ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында қатаң карантин режимі 2020 жылдың 2-тамызына дейін жалғасатынын айтты.
«Науқастар саны өсіп барады. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты шектеу шараларын 20-шілдеден 2-тамызға дейін ұзартуға шешім қабылданды», - деді ол.
Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне, аймақ әкімдіктеріне және басқа да мемлекеттік органдарға карантин режимін сақтауды қадағалауға тапсырма берді.
«Дәрі-дәрмектердің қажетті қоры бар және ол толықтырылып отырады. Препараттарды дәріханалар желісіне және стационарларға дұрыс бөлу қарастырылсын», - деді Мамин.