Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов әлі күнге дейін ауруханада коронавирустан ем алыуын жалғастырып жатқанын айтты. Айта кетейік, ол 22-маусым күні өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген.
Әлеуметтік желідегі парақшасында әкім аурумен қалай күресіп жатқанын, қиын кезеңнен қалай өткенін баяндады.
«Кейбір ішкі органдарым істен шықты, өзім 10 килограммнан астам салмақ тастадым», - деді әкім.
Аюпов демалыссыз қызмет жасайтын дәрігерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар, қала басшысы барша қазақстандықтарға денсаулықты күтуге кеңес беріп, маска кию және арақашықтық сақтаудың маңызды екенін айтты.
«Басымнан өткізген азапты жауыма да тілемес едім», - деді әкім жазбасында.