Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов коронавирус жұқтырған аймақ басшысының хал-ахуалы жайлы пікір білдірді.
«Ол кісіден коронавирус анықталды, ем-дом қабылдады. Бірақ оның тынысы тарылып, жүрегі қысыла бастаған соң дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа ауыстыру туралы шешім қабылдады. Қазір ол кісі сол жақта ем алып жатыр, беті бері қарады», - деді Байжұманов.
Орынбасардың айтуынша, Баталов спортпен шұғылданатын, денсаулығы мықты азамат. Сондай-ақ, жақын арада жұмысқа кіріседі деп жоспарланып отыр екен.