FlyArystan ұшағына Павлодар әуежайында найзағай түсті.
Борт Алматыға ұшуы керек еді. Рейс төрт сағатқа кешіктірілді.
"Инженерлер найзағайдың қатты соққанын растады. Ұшақ Павлодарда қалады және техникалық куәландыру жасалады. Оқиға орнына инженерлер жіберілді. Ұшаққа ештеңе болмауы мүмкін, бірақ регламентке сәйкес техникалық тексеруден өтуі керек ", - деді авиакомпанияның PR-менеджері Ләззат Нәбиева.
Компания 133 жолаушы 18:55-те ұшып шыға алмады деп мәлімдеді. Оларға Нұр Сұлтаннан екінші ұшақ жіберілді.
Ләззат Нәбиеваның айтуынша, ережеге сәйкес, күту кезінде жолаушылар әуежайда сусындар мен тамақпен қамтамасыз етілген.