Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы Өргебас ауылындағы бұзылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Қазір 209 үйдің 184-інің қожайыны келісімшартқа қол қойып, қаржылай көмек алған. Сонымен қатар, 145 үй сырылып, аумағы тазартылып, іргетас құю жұмыстары басталған. Бұдан бөлек, 122 үйдің іргетасы құйылып, 31 үйдің қабырғасы бой көтеруде.
Фирдоуси ауылында да қарқынды жұмыс жүруде. Бұл жерде 340 үйдің 277-інің қожайыны қаржылай көмек алуды ұйғарған. Бүгінде 133 үйдің іргетасы қаланып, 17 үйдің қабырғасы көтеріліп, 1 үйдің шатыры жабылған.
Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев Мырзакент кентінің жанынан соғылып жатқан жаңа ықшам ауданның құрылысымен танысқан. Айта кетейік, бұл жерде 386 үйдің құрылы жүріп жатыр.
«Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру жұмыстарын бір минутқа да тоқтатуға болмайды. Басты міндет – құрылыстың сапалы болуы. Сонымен қатар, қалған отбасылардың қаржысын төлеуді жылдамдату керек. Тамыз айының алғашқы күндері жаңа ықшам аудандағы барлық үйлердің шатыры жабылуы керек», - деді әкім.