Қатты ыстық пен күшті жел күтіледі.
«Қазгидромет» Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе және Түркістан облыстарында дауылды ескерту жариялады.
14 маусымда Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Нұр-Сұлтан қаласы: 14 маусымда күн күркіреп, бұршақ жауып, солтүстік-шығыстан 15-18 м / с жел тұрады.
Көкшетау: 14 маусымда солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с дел күтіледі.
14 маусымда Қызылорда облысында 41 градус ыстық болады деп күтілуде.
14 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай қаласы: 14 маусымда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жел күшейеді.
14 маусымда Маңғыстау облысында 42 градус ыстық сақталады.