Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып, бірқатар аймақтарда қатаңдатылған карантин режимі қайтадан енгізіліп жатыр.
Шымкент қаласында карантин мен барлық шектеу шаралары 8-маусымнан 22-маусымға дейін созылды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысында айтылған.
Бұл шаралардың қабылдануына коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың өсу көрсеткіші 7 күн ішінде 3,7 пайызға жетуі себеп болыпты.
Бас санитар дәрігер қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына 23:00-ге дейін, базарларға 19:00-ге дейін рұқсат етілген. Маска кимеген азаматтар қоғамдық көлікке отыра алмайды. Сондай-ақ, сауда орталықтарындағы кинотеатрлардың, балалар алаңдарының, футкорттардың жұмысы әзір ашылмайды.
Сонымен қатар, Төлебаев ҰБТ өткізу барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қатаң тапсырды.