Қазақстанның жеті аймағында 3-4 маусым аралығында ерекше аптап ыстықтың орын алуына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.
Атырау облысында аптап ыстықпен бірге шаңды боран, секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел күтіледі. Ал температура 40 градустан жоғары болмақ.
Қызылорда облысында термометр тілі 47 градусты көрсетпек. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. 3-5 маусым аралығында Жамбыл, маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 40-42 градус ыстық күтіледі. Төтенше жағдайлар комитеті аптап ыстыққа қарамастан су қоймаларындағы судың әлі жылымағанын, түспеуге кеңес берілетінін алға тартады.