Көкшетау Полиция департаментінің қызметкері жол-көлік оқиғасы салдарынан бақилық болды. Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, апаттың жағдай 31-мамыр күні Көкшетау-Рузаевка автожолында орын алған.
Ішінде үш адам, оның екеуі полиция қызметкері болған көлік аударылып кеткен.
«Алдына ала болжам бойынша, Toyota Camry автокөлігінің тізгініндегі 30 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан көлік жолдан аунап кетуі ықтимал», - деді департаменттің баспасөз қызметіндегі мамандар.
Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, департамент қызметкері оқиға орынында қайтыс болған. Екі жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.