Синоптиктер Қазақстанда аптап ыстық салдарынан күн райы бұзылуы мүмкін. Осы себепті мамандар аймақ тұрғындарына дабылды ескерту жасады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
2-4 маусым күндері Түркістан облысында 40-42 градусқа дейін ыстық күтіліп отыр. ал аптаптың ең жоғары деңгейі Қызылорда облысында тіркелмек, аймақтағы ауа-райы 44 градус ыстыққа дейін көтерілуі ықтимал.
Атырау облысында 35-37, Алматы облысында 35, Маңғыстау облысында 40 градустан жоғары ыстық орын алуы мүмкін.
Қалған аймақтарда күн райы бұзылып, дауылды жел соғады.