Алматы облысында жабайы аю адамға шабуылдап, нәтижесінде ресейлік азамат қайтыс болды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай Алакөл ауданында орын алыпты.
«Ресей Федерациясының 1979 жылы туған азаматы өзінің таныстарымен бірге Тентек өзеніне балық аулауға барады. Борсықты көрген ер адам оны қуып, алысқа ұзап кетіпті. Таныстары оның жан дауысы шыққан кезде ғана артынан жүгірген. Дегенмен, олар құтқарып үлгермеді. Өкінішке орай ер адам ауыр жарақат салдарынан қаза тапты», - деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.