Ақтөбе облысының тұрғындары блок-бекеттерге қарсы митингіге шықты. Айтуларына сенсек, блок-бекеттердегі тәртіптің кесірінен Шилісай ауылының азаматтары дүкенге, дәріханаға бара алмай қалыпты.
Карантин режимі басталғалы кішкентай ауылдың тіршілігі тоқтап қалған. Тіпті, олар осы күнге дейін ауыз суды да көрші ауылдан тасып отырған екен.
«Біздің ауылда дүкен де, дәріхана да, монша да, тіпті, ауыз су да жоқ. Біз ауыз суды Петропавлдан аламыз, кейде ол ауылдың тұрғындары су бермей қалады. Бізге көрші ауылдағылар келмеңдер деп күш көрсетеді», - деді Шилісай тұрғыны Мира Мусурманова.
Карантинге дейін ауыл тұрғындары қажеттіліктерін Ақтөбеден тікелей алып отырған. Блок-бекеттер енді оларды облыс орталығына жібермейді. Талаптары – рұқсат беру. Бірақ полиция бұл рұқсатты берудің мүмкін емес екенін айтады.
«Бекеттер жолдағы тәртіпті сақтау мен полиция қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жұмыс ұйымдастыру мақсатында ғана біз рұқсат бере аламыз», - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдос Құлжанов.
Ақтөбе облысында 28 блок-бекет жұмыс істеген. Оның тоғызын карантин режимін жеңілдету мақсатында алып тастады. Қалған бекеттер қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.