Қала әкімшілігінде карантиннің қашан аяқталатыны туралы нақты жауап айтылды. Осы уақыт аралығында қала тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралмақ. Алматы қаласының әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов шаһардағы шектеу шаралары қашан тоқтайтыны туралы сан түрлі сауалға жауап берді.
«Карантин жағдайды тұрақты түрде бақылауға ала алған кезімізде тоқтатылады. Менің ойымша, карантинді тоқтатуға біз төрт түрлі жағдайда қол жеткізе аламыз. Біріншісі – коронавирусты жеңу. Бұл – соңғы науқас ауруханадан жазылып шыққан уақыт. Екіншісі – коронавирустың адаммен бірге өлуі, өкінішке орай. Үшіншісі – адам өлімі аз болуы. Төртіншісі – вакцинаның жасалуы. Біз әрдайым барлық карантин талаптарын сақтауымыз керек. Мысалға Жапония мен Кореядағы кез келген жағдайда масканың қолданыста екенін, байланыссыз амандасатынын келтіруге болады. Егер біз де осы деңгейге қол жеткізсек, басқа да аурулармен, вирустармен күресу жеңілге түседі», - деді ол.
Ал қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин науқастар саны арта берсе, карантин талаптарын қатаңдатуға мәжбүр болатынын жеткізді.
«Соңғы 7-10 күн аралығында науқастардың өсу көрсеткіші 5 пайыздан аспай тұр. Осы көрсеткіш арқасында біз карантин талаптарын сатылы түрде карантин талаптарын жеңілдетуге қол жеткіздік. Өсу көрсеткіші 7 пайыздан төмендеген кезден бастап талаптары жеңілдете бастадық. Егер өсу көрсеткіші қайтадан 7 пайыздан асса, біз талаптарды қатаңдатуға мәжбүр боламыз», - деді ол.