Алматыда қонақ үй кешендері мен мейрамханаларға рұқсат беру уақыты өзгерді. Бірнеше күн бұрын қоғамдық тамақтану орындарына 18-мамыр күні рұқсат берілетіні хабарланған. Енді рұқсат беру уақыты 25-мамырға дейін шегерілді. Діни орындар мен қоғамдық тамақтану нысандарының ашылуына рұқсат берілетін уақыттың өзгергені туралы оңтүстік астананың әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шектеу шараларын жеңілдету бірнеше кезең арқылы жүзеге аспақ. Демек, жоғарыда аталған нысандар санитарлық нормаларды сақтай отырып, 25-мамырдан бастап жұмысқа кірісе алады.
Әкімдік мейрамханалар мен қонақ үйлерге, діни орындарға жұмыс істеуге 18-мамырдан бастап рұқсат беру ерте деп санайды. Өйткені, қалада әлі ашылмаған коронавирус инфекциясының ошақтары бар.