29 шілдеде Қостанайдағы көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге байланысты қоғамдық тыңдау өтеді. Бұған қала әкімі Қайрат Ахметовтың атына төрт рет қатарынан түскен өтініш хат себеп болып отыр, дейді alau.kz. Қрамында Автомобиль транспорты колледжінің педагогтары мен студенттері бар бастамашы топ Гагарин көшесін ҚР Тұңғыш Президент атындағы даңғылға айналдыру жөнінде ұжымдық хат жазған. "Бұл қала тұрғындарынан түскен алғашқы хат емес. Аталған өтініш заңнама аясында қаралады. 29 шілдеде, білуімше, қоғамдық тыңдау өтеді, кейін шешім қабылданып, одан әрі тиісті тиісті шаралар қолға алынады", — дейді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов. Колледждің жолданымын Назарбаев зияткерлік мектебі, "АгромашХолдинг" кәсіпорыны, Орталық стадион басшылығы және басқа да көптеген ұжымдар бір ауыздан қолдады. Белсенділер Юрий Гагарин есімін Гвардейский көшесіне көшіру туралы ұсынып жасап отыр.