Қазақстандағы карантин шараларының вирус әлсірегенше сақталатыны туралы мемлекет басшысы да, аймақ әкімдері де, министрлер де айтып жатыр. Маңғыстау облысында карантин шараларын 25-мамырға дейін созу туралы шешім шықты. Маңғыстау облысында карантин шаралары 3-сәуірден бастап енгізіліп, 30-сәуірге дейін жоспарланған. Кейін 11-мамырға дейін ұзартылды. Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігері карантин уақытында 25-мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Қалааралық автожолдар карантин уақытында ашылмайды. Облыс орталығына басқа аудандардан көліктер кірмейді. Жұмысқа шыққан азаматтар барлық сақтық шараларын сақтауы керек және қала ішінде қозғалу үшін жұмыс орнынан арнайы анықтамасы болуы тиіс.
Карантин талаптарының қатаң сақталуын құқық қорғау оргнадары мен күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтамасыз етеді.