Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында кішкентай шақалақтың мүрдесі табылды. 3-мамыр күні кешқұрым азаматтардан Полиция департаментіне сәбидің денесі табылғаны туралы телефон соғылған.
Оқиға орынына жедел тергеу тобы жетіп, ақпараттың растығын тіркеген. Қазір олар тергеу-тексеру амалдарын жүргізуде.
«Қазір баланың анасын анықтау мақсатындағы тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - деп хабарлады полиция.