ӨСКЕМЕН. Bairaq.kz - Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалалықтардан Қазақстан көшесіндегі қозғалыс схемасын өзгерту туралы пікір алмасуда деп хабарлайды bairaq.kz.
Үш қалалық қиылыстың үлгісі бойынша облыс орталығының басшысы Қазақстан көшесінде де қозғалысты жеңілдетуді ұсынды. Қазір оң бұрылыс Әуезов даңғылынан Нұрмағамбетов көшесіне (Орджоникидзе), Әуезов даңғылынан Жеңіс даңғылына, Протозанов көшесінен Мыза көшесіне, Новорабочей көшесінен Бажов көшесіне орналастырылды.
- Қазақстан көшесінен Қабанбай батыр көшесіне оң жақ бұрылыс орнату керек деп ойлайсыз ба? – деп Instagram-дағы өз парақшасында Жақсылық Омар сұрақ қойды.
- Мониторинг көрсеткендей, Республика алаңы жағынан қозғалғанда мұнда кептеліс пайда болады. Әрбір қала тұрғыны өз ұсыныстарын айта алады. Сонымен қатар, қала басшысы қалалықтардан басқа учаскелер бойынша ұсыныстар күтеді. Қала тұрғындары Мызы - Қазақстан қиылысын реттеуді сұрады.
- Бұл қаладағы ең мәселелі көше, - деді бір пікір білдіруші.