Солтүстік Қазақстан облысында Этикалық кодекс талаптарын бұзғаны үшін Есіл ауданының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы жазаланды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Этикалық кеңесі видеоконференция түрінде өткен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметтік тексеру жүргізген. Тексеру барысында аудандық шенеуніктің жұмыстың орындалғанына көз жеткізбей актіге қол қойғаны анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларды бөтен мақсатта қолданған тарапқа ешқандай шара қолданбаған.
«Бөлім басшысы қоғамдық сын тудырмауы үшін, Этикалық тәртіп бойынша, әділ әрі адал болуы тиіс. Бірақ материалдарды тексеру барысында шенеуніктің Этикалық нормаларды бұзғаны анықталды. Ол полицияға жол белгілерінің ұрланғаны туралы арыз жазып, артынша куәлігін құбылтып отырған. Ақырында қылмыстық іс жабылып, ұрлық жасалмаған болып шықты», - деді департамент баспасөз қызметі.
Этикалық кеңес шешімі бойынша бөлім басшысына қатаң сөгіс жарияланды.