Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов жұмыстан кетті. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов өз еркімен қызметтен кетті», - деп жазылған хабарламада.
Ол басқарма басшысы мандатына дейін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиал директоры қызметін атқарған.
«Қазіргі уақытта облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін Гульнафис Таңбаева атқаруда», - деп жазылған хабарламада.