Атырау облыстық ауруханасының қызметкерінен коронавирус анықталған соң, медициналық нысан карантинге жабылды.
28 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғыны медицина қызметкерлеріне жүгінген. Осыдан соң оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Артынша науқаспен байланысты болған қызметкерлердің барлығы тексерістен өтті. Қазір облыстық аурухана екі апталық карантинге жабылды.
Атырау облысындағы инфекция жұқтырғандар саны 16 адамға жетті. Барлық науқастар инфекциялық стационарларда жатыр.