Брифингте Алматы қаласы Полиция Департаментінің басшысы Қанат Таймерденов шектеу шараларын бақылау үшін қала ішінде блок-посттар қойылғанын мәлімдеді.
«Әзірге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдарға айыппұл салып жатқан жоқпыз. Бірақ алдағы уақытта шектеуге бағынбағандар жазаланады. Карантинді күшейту мақсатында қала ішінде 26 блок-пост қойылады», - деді ол.
Егер сіз жұмысқа бара жатқан болсаңыз, анықтама көрсетуіңіз тиіс. Ал дүкенге, дәріханаға немесе ит қыдыртуға шықсаңыз, онлайн карта арқылы үйден қаншалықты қашықтағаныңыз анықталмақ.