ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бүгін еліміздің батыс аймағында, яғни, Ақтөбе облысында коронавирус тіркелгенін мәлімдеді.
«Ақтөбе облысында тағы бір инфекция жұқтырған адам анықталды», - делінген мәлімдемеде.
Осы сағатта елде коронавирус жұқтырғандар саны 58 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 және Ақтөбе облысында бір адам.