Нұр-Сұлтан қаласындағы блок-посттағы ішкі істер қызметкерлерін тыңдамай өтуге талпынған мас жүргізуші ауыр жазаға тартылмақ.
22-наурыз күні түнгі сағат 03:35 шамасында 30 жастағы жігіт шектеулерге мән бермей, блок-посттан өтіп кетпек болды.
Ол төтенше жағдай талаптарын сақтау міндетінде жүрген әскери адамдарға қатты сөйлеп, талап қойған. Тәртіп бұзушы оқиға орынында ұсталды. Қазір оған әкімшілік құқық бұзғаны үшін 478-бап бойынша және 608-бап бойынша айып тағылып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен азамат 15 күндік қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыға 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.