Mazir
05 июл 13:39korilim:406 Onir tynysy

Ақтөбеде жол құрылысына қатысты шу шықты

Ақтөбе облысында ірі жол құрылысына қатысты шу шықты, деп хабарлайды КТК. Халықаралық банк арқылы ақша бөлініп, ондаған сараптамадан өткен жобаны Бестамақ ауылының тұрғындары өзгертуді талап етуде. Олар елді мекеннің қақ ортасынан төрт жолақты трассаның салынуына үзілді-кесілді қарсы. 

Ақтөбеден басталатын бұл трасса көршілес Атырауға барып тіреледі. Екі аймақтың арасын жалғайтын жол құрылысының басталғанына төрт жылға жуықтады. Енді Бестамақ ауылы тұсына келгенде тоқтап тұр. Жобада елді мекен ішінен төрт жолақты трасса салу жоспарланған. Бұған тұрғындар қарсы. 

«Әнәу күні санадым, бес минутта он фура өтті. Фура, кішкентай жай машина емес. Сонда ол қазір жол бітпей тұрғанда. Жол біткенде қанша фура өтеді. Светафор 23 жерден қою керек. Светафор жанғанда мына жерден неше машина кептеледі. Төрт полоса бәрі толады. Ана жақтағы балаларымыз қалай өтеді мектепке? Халқымыз қалай жүреді?» - Бестамақ ауылының тұрғыны Бейбіт Дошаев. Сол себепті Бестамақ тұрғындары халықаралық маңызға ие бұл трасса ауылды айналып өтсін деп отыр. Қазіргі екі жолақты жолдың өзі қауіпті екенін айтады. Онсыз да осы маңда көлік қағып қаншама адам қаза тапқан. Енді төрт жолақты болатын болса, өз шаңырағымызда көлік шуынан тұра алмайтын хәлге жетеміз деп қорқады.  

Ақтөбе мен Атырау арасындағы жолды салуға халықаралық Азия даму банкі ақша берген. Бірнеше рет сараптама жүргізіп, 6-7 жыл бұрын қоғамдық тыңдау өтті деп ақталады қазавтожолдағылар. Енді бестамақтықтардың наразылығынан соң осы ауыл ішінен өтетін 3 шақырымға жуық трассаның құрылыс жұмысын бір мәмілеге келгенше тоқтатып қоймақшы. 

«Тоқ етері қазір халық не айтады сол. Егер халық айтса мен ашығын айтайын мына жолды сыртпен алып кету десе, мына жағын қарастырдық. Бұл жағы болмайды,су. Мына жақпен алып кету керек десе проекті бірнеше жылға тоқтатылады. Қазіргі жағдайда Бестамаққа дейін келеді. Енді мен жұмысты тоқтатпас үшін Бестамақтан әрі қарай Алғаға қарай салып кете береміз» - «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Ақтөбе облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов

Тұрғындар наразылығынан соң қайта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылып, жобаны қалай өзгертуге болатыны  қарастырылады. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15