2019 жылы басталған жалын шағын құрлықты түгел шарпыды. Тірідей пісіп қалған жан-жануарлар, үйін тастап босып кеткен адамдар, енесінен айырылып, адам аяғына оратылған коала, өртенген ағаш жаныңды құлазытады.
Кей адам «Мұхиттың ар жағындағы ел үшін күйіп-пісіп не көрінді» дегендей де пікір айтып жүр. Онда қараңыз: Аустралиядағы өрттің түтіні қос құрлықты аттап өтіп Бразилияға жетті. Мұхит асқан түтін Мұзды мұхитқа жетпесіне кім кепіл? Жаһандық жылынудың қаупін одан әрі асыра түспей ме бұл жағдай?
Рас, бұл өртті өшіру қолдан келмеді, себебі күш алып кеткен. Жаңбыр жауды, дегенмен, ел басшылығы өрттің қайта жалғасуы мүмкін екенін ескертеді.
Бір ғана Уэльстегі жан-жануарлар шығынының құны 480 миллион долларды құрайды екен. Ал жалпы өртенген жануарлар саны жарты миллиардтан астам, кей ғалымдардың пікірінше, 1 миллиардқа жуық екен.
Ғалымдар жойылып кету қаупі бар бірнеше жануарлар, бауырымен жорғалаушылар, құстардың жойылып та кетуі мүмкін дейді. Төмендегі видеодан орыс тіліндегі ақпараттар мен көркем суреттерді қарай отырыңыз.