Mazir
10 дек 19:04korilim:369 Onir tynysy

ҚазҰУ-да «Селтеткізер» оқырмандар клубының жиыны өтті

Торқалы тоймен тең тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 9 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Селтеткізер» оқырмандар клубының жиыны өтті. Еркін форматта өткен бұл шараға журналистика және филология факультетінің 1-4 курс студенттері қатысты. 

Жас ақындар өз өлеңдерін оқыса, кейбір студенттер қазақтың дүлей ақындарының өлеңдерін жатқа соқты. Рухани әсер сыйлаған кешке журналистика факультетінің ұстаздары да қатысты. Студенттердің игі бастамаға мұрындық болып, таланттарын ортаға салғанына риза болған кейбір ұстаздар ортаға шығып, өлең оқыды. Өлеңсүйер қауымның қарасы қалың. Бұл мұндай келелі кештің кейінгісі емес. Арқаланып, ерекше күй кешкен студенттер қауымы алдағы уақытта «Селтеткізер» жиыны жоғалмайтынын жеткізді. 

Егілте-төгілте өлең оқыған өлеңсүйер азаматтар көрермендерін жалықтырмады деуге болады. Өнер ұғымының сипаты кең. Жігіттер ұлттық аспап домбыраны күмбірлетіп, залдағы көрерменнің арқа тұсын бір шымырлатып алғаны рас. 

«Селтеткізер» атауы туралы бірер сөз 


Шығыс халықтарына тән ұлттық мейрамдардың бірі – Наурыз. Жылдың басы. Бұл күн салт-дәстүрі ортақ елдер үшін ғажайып сәт. Наурыз мейрамы жылдың басы болған соң, қыстан ама-сау шыққан ел-жұрт аянбай дайындалады. 

Қаны қызу, бойын қуаныш кернеген жастар жағы түні бойы алтыбақан теуіп, ауылдың алты ауызын айтады. Гүлдей құлпырып, шат-шадыманға бөленген қыздар өздерін ұнатқан жігіттерге «Ұйқыашардан» дәм татқызса, жігіттер оларға «Селтеткізер» сыйлаған. «Селтеткізер» сыйлаудың да өзіндік мәдениеті һәм ережесі бар. Қыздар «Ұйқыашарда» жігіттерге ас-судан дәм татқызса, жігіттер мәрттік танытып айна мен тарақ, әшекей бұйымдарын тарту еткен. 



Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15