Педагог-коуч, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын зерттеуші, "Төртеу түгел болса" жобасының спикері Ескендір Бестай «AdminAnon» бағдарламасының қонағы болды. Сұхбат барысында бала тәрбиесінде жіберілетін қателіктер туралы айтылды. Ескендір Бестайдың айтуынша, атаның тәрбиесін алған баланың бойында бостандыққа қарағанда бассыздық көбірек байқалады.
«Жалпы, атасының баласының бойында бостандық емес, бассыздық көбірек болып кетеді. Бала үлкен кісілерге қартайған шағындағы қуыршақ секілді. Оның қызығын ата-әжесі көргенімен, бассыздықтың салдарын әке-шешесі көреді. Ерте ме, кеш пе үлкен кісілер өмірден өтеді. Өзіңнің анаңа анашым деп айта алмасаң, ана мен бала арасында ділдік байланыс болмаса баланың тұлғалығында сұрақ болады. Ата-әженің тәрбиесі баланың сөздік қорының көп болуына, терең ойлауына сеп болады. «Баланы бес жасқа дейін ханыңдай көр» дегенді қалай түсінеміз? Мақал мен мәтелді ажырата алмай жүрміз. Балаңыз хан болса, сіз де хан болыңыз. Ол сіздің ханзадаңыз болып, тең қарым-қатынас құрылу керек», - дейді Ескендір Бестай.
Атасының баласы деп айту дұрыс па?
«Контекстан жұлынған контент – қауіпті. «Мысалы, есектің ақырғанын естісең дәретің бұзылады» деген де контекстан жұлынған контент. Бала тәрбиесінде бір методиканы алып, әрекет ету мен шешім қабылдау қауіпті. Себебі, бірінші кезекте бала зардап шегеді», - деді ата-ана мен баланың қарым-қатынасын зерттеуші.
Толық нұсқасы:
Басып шығару