2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Елбасымыздың көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлігі жарасқан ел болдық. Қазақстан біртұтастығының арқасында кез-келген сынақтан сүрінбей өтті.
Наурыз мерекесіне орай «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атты ірі науқанды бастады. Айта кетейік, қордың мақсаты – covid-19 пандемиясының және карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасыларға көмектесу.
«Халық» қайырымдылық қоры салмағы 50 келіден асатын 15000-нан астам себет жасады. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері облыстың барлық аймақтарына әкімдіктер ұсынған тізімдер бойынша таратылуда.
«Халық» қайырымдылық қоры бизнес қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін «Ел тірегі - Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Қор акцияны 2021 жыл ішінде бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр.
Басып шығару