Адамның табиғи өмірінің максималды ұзақтығы -
38 жыл. Бұл туралы Австралияның ғылыми және қолданбалы зерттеулер мемлекеттік қауымдастығының ғалымдары хабарлады.
- Біздің әдіс ДНҚ талдауға негізделген. Егер биологиялық түрдің геном тізбегі бұрыннан белгілі болса, онда біз оның өмір сүру ұзақтығын белгілей аламыз. Осы уақытқа дейін жабайы аңдар үшін, әсіресе ұзақ өмір сүретін теңіз сүтқоректілері мен балықтар үшін анықтау өте қиын болды.
Эксперимент үшін ғалымдар 262 омыртқалы сүтқоректілердің геномын пайдаланды және 42 гендегі өзгерістерді бақылады. Метилляция деп аталатын ішкі биохимиялық процесс белгілі бір гендерді жылдам қосуға және өшіруге қабілетті.
Неандертальдықтар мен денисовалықтар Homo sapiens үшін болжанған компьютерлік модельге қарағанда аз өмір сүреді екен, яғни 37,8 жыл. Ғалымдар қазіргі адамдар медицина мен ғылымның жетістіктері мен өмір салтындағы елеулі өзгерістердің арқасында әлдеқайда ұзақ өмір сүретінін айтады.
Қызықты ақпарат
Пинта аралынан жойылып кеткен алып тасбақаның болжамды жасы - 120 жыл. Өкінішке орай, осы түрдің ең танымал жалғыз өкілі Джордж осы күнге дейін өмір сүрмеген. Ол Галапагос аралдарында кемінде бір ғасыр өмір сүріп қайтыс болды. Ұрпақтарын қалдырмады
Басып шығару