Қарағанды қаласында тәулігіне 10 мыңға дейін қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды.
Айта кетейік, ондағы қызметкерлердің тең жартысы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайды.
"Біздегі қорғаныш қатары 4 қабаттан тұрады. Қазір бірқатар кәсіпорындармен келісімшартқа отырдық. Алдағы уақытта Ресейге де шығару жоспары бар. Қазір бізде 30-дан астам адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қызметкерлер саны 100-ге дейін жетеді", - деді цех басшысының орынбасары Ақылбек Бекенов.
Басып шығару