«Теңізшевройлдың» экс-қызметкері үндеу жасап, мұнай-газ кен орнындағы жемқорлық пен улы қалдықтарға назар аударуды сұрады. Бейнежазба Instagram желісіндегі Kris P Brothers️️️ тобында жарияланды.
«Мен 2016-2019 жылдар аралығында "Теңізшевройл" компаниясында жұмыс істеп, айына бір миллион теңгедей жалақы алдым. Бірақ айналамда тамыр-таныстық пен жемқорлық жайлап кеткендіктен өзімді бақытсыз сезіндім. Барлық қызметкер біреудің туысқаны болды. Салауатты бәсекелестік болған жоқ. Одан бөлек, экологияға да біраз залал келтірілді. Мен қоршаған ортаның ластануына және жемқорлыққа қарсы болдым. Олар шындыққа шыдамай мені себепсіз жұмыстан шығарып жіберді. Мен мынаны сұрағым келіп отыр: неліктен біздің елде қарапайым қызметкердің құқығын қорғайты заң жоқ? Неліктен ірі компаниялар қызметкерлерін себепсіз жұмыстан шығарып жібереді?», - дейді ол.
Екінші бейнежазбада мемлекет басшысына үндеу жасап, осы мәселеге назар аударуын сұрады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, экология министрі, мұнай және газ министрі. Теңізде қанша қалдық шығарылатынын білесіздер ме? Есепте басқа нәрсе айтылады, ал іс жүзінде ол екінші Чернобльге айналуы мүмкін. Күкіртсутек, аммиак, радиация және басқа да көптеген химиялық зат шығады. Біздің мамандар бұл бойынша жұмыс істегілері келмейді және басшылықта қабілетсіз адамдар отыр. Олар шешім қабылдай алмайды, себебі ол жаққа парасыз жұмысқа орналасу мүмкін емес. Шара қабылдап, улы қалдықтарға тексеріс жүргізуді сұраймын», - деді.
Басып шығару