17 желтоқсан күні Парижде тоғызұмалақ ойыны Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының Репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет тиісті ұсыныс үшін онлайн режимде өтіп жатқан 15-сессияда дауыс берді.
«Сессияда Үкіметаралық комитет 42 номинацияны, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бірлесе енгізген "Тоғызұмалақ" ойынын қарастырды», - делінген хабарламада.