Оқырман іздеп жүріп оқитын шығармалар санатында кімдердің туындыларын атай аламыз? Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Тіл саясаты комитеті онлайн режимде соңғы кездері жарық көрген кітап авторлары мен сыншының пікірталасын ұйымдастырды.
Жаңа үрдісті пікірталас өмірге келді.
Кітап – өмір бұлағы. Оның адам өміріндегі рөлі ұшан теңіз. Мұндай пікірталас сыншы мен оқырман, оқырман мен автор, сыншы мен автор арасындағы байланыс нысанасына айналуы маңызды.
Пікірталас алаңында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба:
«Біздің басты мақсатымыз жан-жақта көрінбей жүрген ақын-жазушыларды тауып, оларға мүмкіншілік жасайтын боламыз. Әлемдік тәжірибеде бар нәрсе: жазылған құнды шығарманы алдын-ала сатып алып, оқырмандарға тез тарауына мұрындық болатын деңгейге көтеру. Шетелде жазушылар шығармаларын шығарып, сату, тарату бизнес көзіне айналған. Бұл бізде әлі өркен жая алмай отыр. Қазіргі уақытта, өздеріңіз білесіздер, біздің комитет шығармалары ел аузына іліккен, аттары мәлім ақын-жазушылардың кітаптарын жинақтап шығарып келеді»,– деп атап көрсетті.
Онлайн пікірталасқа халықаралық
«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Республикалық «Астана-Бәйтерек» әдеби шығармалар бәйгесінің бас жүлдегері Қуаныш Жиенбайдың «Күздің жылы жаңбыры», Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Заря Жұманованың шығармалары талқыға түсті.
Танымал сыншы, аудармашы,
әдебиеттанушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері Әлия Бөпежанова осы шығармалардың ұтымды тұстары мен жазушының типтік образдарды сомдаудағы ізденістеріне тоқталып, қазақ әдебиетінің бүгіні мен ертеңі туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ балалар әдебиеті, заманауи қазақ балалар кейіпкерлерінің жасалу жолдары тілге тиек болды.
Пікірталасқа Қазақстан Жазушылар одағы, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы,
Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің филология, журналистика факультетінің студенттері мен әдебиет сүйер бір топ қауым қатысты.
Онлайн бас қосуда пікірталасқа қатысушылар белсенділік танытты.
Басып шығару