Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таяқпен қаруланған бірнеше адамның төбелесі бейнеленген бейнежазбаны түсіндіріп, мәлімдеме жасады.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 29-мамырында Жетісай ауданында ауыл тұрғындары суға таласып төбелесіп қалған. Оқиға орынына жедел жеткен полиция қызметкерлері жағдайды тұрақтандырып, жанжалдың шығу себебін анықтады.
«Аталған факт ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелген. Төбелестен кейін 12 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Қазір аталған факті бойынша жарақат алғандарға сот-медицина сараптамасы тағайындалды», - деп мәлімдеді департамент баспасөз қызметі.
Жетісай аудандық аурухананасының мәліметіне сүйенсек, 5 адам қазір ем алып жатыр, қалғандары алғашқы медициналық көмек алған. Тергеу барысында төбелеске қатысы бар 2 азамат ұсталып, уақытша қамау изоляторына жеткізілген.
Басып шығару