Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлер қауымдастығының назарына санитарлық дәрігер бекіткен нормаларды қатаң сақтау туралы үндеу жариялады.
Әкім өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін барлық секторлардағы нысандардың жұмысын қалпына келтіре бастағандары туралы жазды.
«Басты талап – санитарлық нормаларды сақтау. Санитайзерлерді, маскаларды, қолғаптарды киіп, қашықтық сақтау керек. Ірі кәсіп қалпына келе бастаса, шағын және орта бизнес те сатылы түрде ашылып жатыр», - деді ол.
Қазір карантиннен кейін жұмысын бастаған нысандардың барлығы санитарлық талаптарды сақтап отыр деу қиын. 2,4 мың нысанға жүргізілген тексеру барысында 138 орталықта тәртіп бұзу фактілері тіркелген. Кейбіреуінің жұмысын тоқтатуға да тура келіпті.
«Кәсіпкерлер қауымдастығынанан бекітілген нормаларды сақтауды сұраймын. Егер біз коронавирустың жаңа толқынына тап келсек, соққы қалаға тиеді. Бір-бірімізді жерге қаратпайық», - деді ол.
Басып шығару