Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі транспорт жобалары туралы мәлімдеме жасады.
«БРТ бойынжа жұмыстар жүріп жатыр. Басталған тізбек Шығыс айналма автожолына дейін жетуі керек. Жоба бойынша Желтоқсан көшесімен өтіп, Төле би арқылы жүреді. Бұл жоба мақұлданса, құрылыс жұмыстары жалғасады. Көше тізімдері ұлғаяды. Қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр», - деді әкім.
Қала басшысы қоғамда резонанс туғызған мәселе – ЛРТ туралы да тарқатып айтты.
«Бұл жобадағы негізгі мәселе қаржыландыруда. Құны жүздеген миллиард теңге тұратын жоба. Бұл туралы ақылдасып жатырмыз. Біздің қаланың бюджеті мұндай ірі жобаны көтере алмайды. Метро үкіметтік бюджеттен қаржыландырылады. ЛРТ жобасын да үкіметтік бюджеттен қаржыландыру туралы ұсыныс жасап отырмыз. Үкімет те екі бірдей қымбат жобаны қиын деп бағалап отыр. Сондықтан, ЛРТ бойынша бірнеше нұсқалар қаралуда. Қаржы болса, құрылыс жалғасады», - деді ол.
Басып шығару