Алматы облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша, 27 адам қазір әкімшілік сот шешімі бойынша уақытша қамақта отыр.
Құқық бұзушылардың барлығы өз істеріне өкінетіндерін жеткізіп отыр екен-мыс.
«Мен Ащыбұлақтанмын. Түнде Алматыға өтіп кеткім келді. Бұным қате болыпты. Полиция қызметкерлері мені 10 күнге қамап тастады. Менің қателігімді қайталамаңыздар. Карантин уақытында үйде болыңыздар», - деді М. есімді азамат.
Төтенше жағдай тәртібін бұзуға талпынғандар саны – 38 адам. Олардың 27-сі қамаққа алынса, қалғандары кем дегенде 10 АЕК айыппұл арқалаған.
«Мен шекараны білмей өтіп кеттім, соның кесірінде 10 күнге қамалдым. Мен барлық азаматтарды үйден шықпауға шақырамын. Үйде отырыңыздар. Жақындарыңызды сақтаңыздар», - деді И. есімді Алматы облысының тұрғыны.