Мықты-мықты қаламгерлерді көрдім, кітаптары үйлерінде тұр. Тарихшылардың, мықты тіл мамандарының, әдебиетшілердің кітаптары қолдарында жүр. Өз айналасынан шықпайды. Обал. Ал оқырмандар тап сол кітапты іздеп жүреді. Өндіруші мен тұтынушы қатынасы жүйеленбеген. Кітап сату мәдениеті қалыптаспаған бізде. Кітап оқырманына жетпейді. Осыған орай, әр облыста, әр ауданда әкімшілікке қарайтын, аренда төлемейтін бір сауда орны болып, сол нүктелерге баспалардың бәрі кітаптарын өткізіп, үстіне он пайыз ғана қосылып сатылса, тиімділігі артар еді. Ең кереметі сол. Оқырман да кез келген уақытта іздеген кітабын оңай таба алар еді, оқырмандар қатары көбейер еді.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ ҚОЙТАНОВ