Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Беғазы-Дәндібай мәдени-тарихи ескерткішінің территориясындағы депутаттарға арналған коттедждер құрылысына қатысты пікір білдірді.
Министрлік аталған мәселені Ақмола облысының басшылығымен аса мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеді.
Министрлік бұл территорияда тарихи-мәдени нысандардың бар-жоғына көз жеткізу үшін археологиялық жұмыстар жүргізіп, соның қорытындысына сәйкес шара қолданатынын алға тартып отыр.
Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени нысандарды қорғау және қолдану туралы заңның орындалуын жергілікті билік қадағалайтынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының жетекшісі Серік Искаков тексеру қорытындысында аталған орында тарихи құндылықтар табылса, құрылыс тоқтайтынын мәлімдеген.