Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құжатты депутаттарға ұсына отырып, заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және мәдениет саласын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.
Концерттік іс-шараларға және ойын-сауық шараларын өткізу барысында бірқатар мәселелер туындайды.
Орындаушылар тарапына орынсыз қылықтарға жол беру, оның ішінде көрермендерді қорлау, мас күйінде сахнаға шығу, жоспарланған концерттерді бұзу, ұятсыз сөздерді қолдану, көрерменге хабарламай фонограмма қолдану сияқты жағдайлар болған. Біз осындай мәселелерге жол бермеу үшін заңнамалық деңгейде ұйымдастырушыға бірқатар міндеттемелер енгізу арқылы шешуге тырыстық. Фонограмманы пайдалану тәртібі заңнамаға сәйкес белгіленеді деп жоспарлануда, деді министр.